2017 жылдың I маусымында кинотеатрлардың табысы 4,1 млрд теңгеге жетті. Статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 30,1 пайызға артық.
Кино түсіру мен телевизиялық бағдарлама түсіру қызметінен түсетін табыс 16,4 пайызға ұлғайып, 2 млрд теңгеге жетті. Ал ақпараттық қызметтің табысы 54,9 пайызға ұлғайып, 19,8 млрд теңгеге жетті.
Өз кезегінде жарнама агенттіктерінің табысы 22,7 пайызға көбейіп, 28,9 млрд теңгеге жетті.
Ал құмар ойындарын ұйымдастыру бойынша түскен табыс 4 млрд теңге айналасында болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 4,3 млрд теңгені құраған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу