Жарнама билбордтары арқылы есірткі жарнамалау фактілері тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Есірткі бизнесі саудасын жүргізу үшін ақпараттық технологияларды қолдануда. Осы мақсатта интернет ресурстарын, түрлі мессенджерлерді пайдаланады", – дейді Сергей Ильиных.
Ол өз сөзінде 2019 жылдың 27 желтоқсанынан бастап арнайы заң жобасы енгізілгенін, оның негізінде есірткі немесе соған ұқсас өнімдерді насихаттаған, жарнамалаған азаматтар үш жылға дейін, ал БАҚ беттерінде немесе өзге де құралдарда жариялағандарға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын жеткізді.