"Жарнама" парақтарын таратқаны үшін күніне 50 мың теңге алған ер адам сотталды

249

Сотталушы кінәсін толық мойындады. 

"Жарнама" парақтарын таратқаны үшін күніне 50 мың теңге алған ер адам сотталды Фото: canva.com

Астанада есірткіні жарнамалаумен айналысқан ер адам 3 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Сотталушы "Telegram" арналардың бірінде "күніне 50 000 теңге беретін" жұмыс туралы хабарландыруды тапқан. Ол қаланың әртүрлі бөліктеріне парақшалар жабыстырып, есірткі құралдарын насихаттап, оны заңсыз жарнамалаумен айналысқан.

Ер адам кінәсін толық мойындады, ол оны бас бостандығынан айырмауды және шартты түрде жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен оған 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу