Жарты ғасырдай жуынбаған ирандық 94 жасында қайтыс болды

1410

Елу жылда бірінші рет жуынуға бел буған қарияның өліміне не себеп болғаны белгісіз. 

Жарты ғасырдай жуынбаған ирандық 94 жасында қайтыс болды Фото: focus.ua

Иран журналистері "әлемдегі ең кір адам" деп атап еткен Аму Хаджи Фарс қаласында өмір сүрді. 50 жылдан астам уақыт бұрын жуынудан бас тартқан ирандық таза су мен сабыннан ауырып қалудан қорыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.

Аму Хаджи көп ұзамай жергілікті жұлдызға айналып, журналистердің назарына ілікті. Мысалы, 2014 жылы ағылшын тіліндегі Tehran Times газетіне берген сұхбатында ол жайраның етін жақсы көретінін және шұңқырда тұруды жөн көретінін мойындады. Дегенмен ол кейде ақкөңіл көршілері оған арнап салған үйшікте түнейтінін жасырмады. Ол өзінің әдеттегі өмір салтын жас кезінде бірқатар эмоционалды күйзелістерге ұшырағанымен түсіндіреді.

Аму Хаджи сонымен қатар темекінің үлкен жанкүйері болды, кейде темекіні саусақтарының арасына қатарлап ұстап тұрып, бір уақытта бірнешеуін шегетін. Ұзақ уақыт су мен сабын көрмеген дене қарайып, майлы қорғанға айналғанымен, иесіне ешқандай қолайсыздық тудырмаған көрінеді. Ал оның ағзасы лас конистрдеге су мен бұзылып кеткен тамаққа үйреніп кеткендей болды. 

Алайда, бірнеше ай бұрын ауылдастары оны ақыры көндіріп, жуындырғаннан кейін Хаджи атаның жағдайы нашарлай бастаған. Өлімге нақты не себеп болғаны белгісіз, бірақ гигиеналық әдеттердің күтпеген жерден өзгеруі атаға жақпағаны анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу