Жарты ғасырдан астам уақыт кездеспеген туыстар қайта қауышады

570

Жарты ғасырдан астам уақыт кездеспеген туыстар қайта қауышады

Ресми Пхеньян мен Сеул өкілдері Қызыл Крест желісі бойынша келіссөз жүргізді. Нәтижесінде 1950-1953 жылдардағы соғыс ажыратқан отбасылар тамызда жүздесетін болды. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады.

Жалпы, бұл мәселе Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің сәуірдегі саммиті барысында талқыланып, сең қозғалған болатын.

Айта кетейік, екі ел арасындағы салқын қарым-қатынасқа байланысты туыстарынан қол үзіп қалған азаматтарды жақындарымен қайта қауыштыру 1980 жылдардың басынан бері жүргізіліп келеді. Осыған қатысты соңғы кездесу 2015 жылы қазан айында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу