Жарты миллион қазақстандық ипотекамен өмір сүріп жатыр

522

2023 жылдың 1 мамырында жарты миллионыншы қазақстандық несие рәсімдеген.

Жарты миллион қазақстандық ипотекамен өмір сүріп жатыр Фото: aikyn.kz

Қазақстанда ипотекалық несие алушылардың саны 500 мың адамнан асты. Бұл туралы  inbusiness.kz krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бірінші кредиттік бюро" мәліметінше, орташа қарыз 10,2 млн теңгені құрайды.

"Бүгінгі таңда ипотекалық несиенің жалпы көлемі – 5,9 трлн теңге. 290 000 несие алушы қарызды ең кемі 10 жылға алған"– делінген хабарламада.

Берілген несиелер саны бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр.

"Ипотекалық несие алушылардың 36 пайызын екі қаладағы тұрғындар құрайды. Атап айтсақ, Астанада – 98,1 мың, Алматыда – 83,5 мың несие алушы тіркелген"– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу