Жарты миллионға жуық адамның өсімпұлы кешірілген

1307

1,96 млрд теңге салық өсімпұлы есептен шығарылды.

Жарты миллионға жуық адамның өсімпұлы кешірілген

Салық рақымшылығы аясында 424 925 жеке тұлғаның өсімпұлы есептен шығарылған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

"Республика бойынша 424 925 жеке тұлға 10,2 млрд теңге сомасында негізгі салық борышын төледі. Осының арқасында 1,96 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды",– деді салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов.

Оның айтуынша, өңірлер арасында ең көп өсімпұл Алматы қаласына тиесілі. Мұнда 87 128 жеке тұлғаның 931 млн теңге өсімпұлы кешірілген. Екінші орындағы Павлодар облысында –169,4 млн теңге, үшінші орында Алматы облысы – 119,9 млн теңге есептен шығарылған. 

"Өсімпұлдың ең аз мөлшері Атырау (32,7 млн теңге), Батыс Қазақстан (29 млн теңге) және  Шығыс Қазақстан облыстарында (22,6 млн теңге) есептен шығарылды", – деді Мемлкеттік кірістер комитетінің өкілі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу