Жарты миллионнан аса қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

388

Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді.

Жарты миллионнан аса қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай  бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Осы  жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу