"Жарты жыл аңдыған": Сталкинг жасаған астаналық сотталды

627

Айыпталушы 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады.  

"Жарты жыл аңдыған": Сталкинг жасаған астаналық сотталды Фото: independent.uk

Оған қоса моральдық зиянды шығынды өтеуге міндеттеліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, 6 ай бойы жүйелі түрде аңдыған.

Байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орны бойынша оны қудалау арқылы, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің жеке бас бостандығына, қауіпсіздігіне және жеке өмірінің қол сұғылмаушылығына құқықтарының бұзылуынан әкеп соққан сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтар ұсынды.

Сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиянды өтеу міндеттелді", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған тұлғаның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу