Жарты жылда 342,8 млн теңге заңсыз табыс тапқан астаналық сотталды

774

Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғын бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарты жылда 342,8 млн теңге заңсыз табыс тапқан астаналық сотталды Фото: canva.com

Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.

Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн. теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу