Жарты жылда 5,885 мың тонна мұнай өндірілді

801

Жарты жылда 5,885 мың тонна мұнай өндірілді

ҚМГ БӨ "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "Қаражанбасмұнай" АҚ (CCEL) және "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2017 жылдың алғашқы алты айында 5 885 мың тонна (тәулігіне 239 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға кем, деп хабарлайды kmgep.kz. 

"Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ)  2 703 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегіден 3%-ға кем, бұл негізінен пайдалануға берілген ұңғымалардың аз көлеміне және ұңғымалардың өтпелі қорынан өндіру деңгейінің төмендігіне байланысты. "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) 1 399 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 1%-ға төмен. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі  4 102  мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрап, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға кем түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу