Жарты жылда БЖЗҚ 15 млн қызмет көрсетті

450

Осы жылдың 7 айында 10 млн астам операция (68,9%) электрондық форматта жүргізілді.   

Жарты жылда БЖЗҚ 15 млн қызмет көрсетті Фото: inbusiness.kz

Операциялардың шамамен 23% (немесе 3,4 млн) жыл басынан бері автоматтандырылған  форматта іске асырылды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Өткен 7 ай ішінде алғашқы зейнетақы жарнасы түскен кезде автоматты түрде 191,3 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды. Бұдан басқа, автоматты режимде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнет жасына толуға байланысты төлемге өтініштер (жыл басынан бері 58 мыңнан астам) өңделді. Тұрғын үй және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініштер уәкілетті операторлардан автоматты түрде келіп түседі (7 айда 116,8 мың)", — делінген БЖЗҚ баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, отандастарымыз 774 107 рет қолданған жүзбе-жүз форматта қызмет алу да өзектілігін жоғалтпады. БЖЗҚ кеңселерінде 675,8 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қор мамандарының мобильді топтары барып қызмет көрсету барысында тағы 93,5 мың операцияны іске асырып, 4,7 мыңнан астам зейнетақы қызметі "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы ұсынылды.

Қордың ең танымал қызметі ретінде әлі де жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу болып қала береді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушылар ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат алу үшін 13,6 млн-нан астам рет жүгінген. Бұл барлық жүргізілген операциялардың 92% құрайды. Үзінді көшірме алудың таңдаулы тәсілі – БЖЗҚ салымшылары белсенді түрде қолдана бастаған электрондық формат. Жыл басынан бері салымшылар 105,2 мың рет хабарлау тәсілін өзгерту туралы өтінішпен жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу