Жарты жылда елімізде 16,6 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді

465

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 6 айда Қазақстанда ауданы 7,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.  

Жарты жылда елімізде 16,6 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді Фото: Үкімет

Бұл былтырғыға қарағанда 11,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

Өңірлер арасында жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы бойынша Абай облысы көш бастап тұр (өсім – 56,3%). Одан кейінгі орындарда Шымкент қаласы (43,4%), Жетісу облысы (39%) орналасты.

"Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында республика бойынша 16 677 тұрғын үй нысаны іске қосылды. Оның ішінде жеке үйлер – 16 083, көппәтерлі үйлер – 574, жатақхана – 20. Көпқабатты үйлерде 63,1 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Көпқабатты үйлердің 7,6%-ын мемлекеттік құрылыс компаниялары, 91,2%-ын жеке компаниялар, 1,2%-ын шетелдік компаниялар салған", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ауылдық жерлерде де баспаналарды пайдалануға беруде өсім байқалған: 1,6 млн шаршы метрден астам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу