2017 жылғы шілдеде инфляция айлық көрсеткіш бойынша 0,1% деңгейінде қалыптасты, бұл соңғы екі жылда, яғни инфляциялық таргеттеу режиміне өткен кезден бастап ең аз мәнде болып отыр, деп хабарлайды nationalbank.kz.
7 айда инфляция 3,8% болды және өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен (5,2%) төмен болып қалып отыр. Жылдық инфляция шілдеде 7,1%-ға дейін төмендеді, бұл азық-түлік нарығындағы ахуалдың тұрақтануына себепші болды.
Жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәлізі шегінде тұр. Жылдық көрсеткіштегі базалық инфляцияның 1 көрсеткіші инфляция аясының біртіндеп жақсаруын көрсете отырып, өзінің 6,7%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. Шілдеде халықтың инфляцияны қабылдау жөніндегі ай сайынғы пікіртерімі респонденттердің жауаптарын бөлуде аздаған ауытқулар кезінде инфляциялық күтулердің тұрақты болатынын көрсетіп отыр.
Өткен айдағы бағаның өсуін пікіртерімге қатысушылардың көпшілігі (43%) қалыпты ретінде қабылдады, ал оны күшті деп бағалаған респонденттердің саны одан 10 пайыздық тармаққа аз. Халықтың бағаның өсуін бағалауы соңғы 12 айда іс жүзінде өзгерген жоқ.
Келесі айда баға серпінінің қалыпты өсуін және төмендеуін күтетін халықтың үлесі ұлғайды. Келесі 12 ай бойы бағаның өсуін күтетіндер арасында өсу қарқынының ағымдағы деңгейде сақталатындығы туралы пікір басым (үлесі 36,3%-дан 38,9%-ға дейін ұлғайды).
2017 жылғы шілдеде "Сіздің пікіріңізше, жалпы алғанда бағалар келесі 12 айда қалай өзгереді?" деген сұраққа берілген жауаптардың деректері бойынша инфляцияның алдағы бір жылға есептелген сандық бағасы халықтың инфляциялық күтулерінің 2018 жылға арналған нысаналы дәліз шегінде болуын (5-7%) растайды және 6,4%-ды құрайды.