2017 жылы 6 айдың ішінде Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне кіріс 21 пайызға артты,оның ішінде салықтан түскен кіріс 14 пайызға өсті. Бұл туралы energyprom.kz-ке сілтеп 7kun.kz хабарлайды.
Жалпы кіріс 5 трлн теңгені құрады. Оның 3,2 трлн теңгесі — салық түсімі. Салықтың түсімі өткен кезеңнің жоспарын 120,2 млрд теңгеге асыра орындады.
2017 жылы бюджетке 6,7 трлн теңге салық жинау жоспарланып отыр. Жалпы салықтың 2,2 трлн теңге мөлшері табыс салығы, қосылған құн салығы және әлеуметтік салықтан түскен.
Осы кезеңде қосылған құн салығы қазынаны 761 млрд теңгемен толықтырды (+11 пайыз).
Мемлекеттік қазынаға түскен қаржының 60 пайызы 5 аймаққа тиесілі: Алматы — 823,8 млрд теңге;
Атырау облысы — 447,7 млрд теңге; Астана — 440,7 млрд теңге; Ақтөбе облысы — 164,7 млрд теңге;
Қарағанды облысы — 162,4 млрд теңге.