Жарты жылда жемқорлық фактісі бойынша 658 қылмыстық іс әшкереленді

959

Жарты жылда жемқорлық фактісі бойынша 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Жарты жылда жемқорлық фактісі бойынша 658 қылмыстық іс әшкереленді

Оның 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар және 7 өңірлік әкім мен олардың орынбасарлары. Жемқорлар тізімінде вице-министр мен бірнеше судья да бар. Олардың заңсыздық әрекеттерінен келген залалдың 15 млрд. теңгесі... қазынаға қайтарылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер жұмысына орынсыз килігудің - 60 жағдайы, көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасаудың - 45 фактісі, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі тіркелген. Бұл жауапты агенттік төрағасы Марат Ахметжановтың алқа мәжілісінде айтқан ақпараты. Десе де, еліміздегі коррупция көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда  35%-ға төмендеген. Бірақ бұл жемқорлармен күресті тоқтату керек дегенді білдірмейді.

Жауапты агенттіктің бүгінгі алқа мәжілісінде,  жемқорлық  санын азайтуға бағытталған шаралар ұсынылды. Мысалы құрылыс басталмай жатып жобалық қаржыландыруды енгізу. Өзекті мәселе – Бюджеттік жоспарлау мен  сол қаржыны жұмсау тәртібінде жатыр деген пікір де айтылды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу