2017 жылғы қаңтар-тамыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы және үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 226850,3 млн теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,6%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Өндіріс көлемі облыстың жеті ауданында және Тараз қаласында өсті. Тараз қаласында 140450,8 млн. теңгенің өнімдерін өндірді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 103%-ды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 13,4%-ға өсуі байқалды. Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында өндіру көлемі өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,5%-ды құрады. Тамақ, мұнай өнімдерін өндіру көлемі төмендеді.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,9%-ды құ-рады. Электр энергиясын өндіру жоғарылады.
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,1%-ды құрады.