Жарты жылдан бері жалақы жоқ

455

Жұмыс беруші 6 ай бойы зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарнасын да аудармапты.

Жарты жылдан бері жалақы жоқ Фото: inbusiness.kz

Жалақысыз жарты жыл. Өскемен қаласындағы "Кэмонт" кәсіпорны қызметкерлері маңдай термен тапқан еңбекақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жұмыс беруші 6 ай бойы зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарнасын да аудармапты. Табыссыз қалған 200 азамат прокуратура мен еңбек инспекциясына шағымданған. Бірақ пайда шамалы екенін айтады. 

Кәсіпорын қызметкерлері қаржыны күтіп шаршаған. Қазір шарасыз күйде. Жұмыс берушілер жағдайға бас қатырмайды дейді олар. Сол себепті жаппай қызметтен кетіп жатқан көрінеді. Сот жауаптыларды қарызды қайтаруға міндеттеген. Компания есепшоттары бұғаттаулы тұрғандықтан, қажет соманы алуға мүмкіндік жоқ екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу