Жартылай марафоннан әлем чемпионаты күзге қалдырылды

624

Коронавирус пандемиясына байланысты енді байрақты бәсеке 17 қазан күні өтеді. 

 Жартылай марафоннан әлем чемпионаты күзге қалдырылды

29 наурыз күні Гдыняда (Польша) жартылай марафоннан әлем чемпионаты жалауын желбіретуге тиіс еді. Ұйымдастырушылар жарыстың уақытын кейінге шегерді, деп хабарлады Olympic.kz.

Польша жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған дода көктемнен күзге ауыстырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты енді байрақты бәсеке 17 қазан күні өтеді.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатын өткізуші ел ерлер мен әйелдер құрамасынан бес-бес спортшыдан қатыстырады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу