Жартыжылда ипотекалық несие беру 14%-ға өскен

852

Тұрғын үй несиесін ең аз алушылар Түркістан облысы.   

Жартыжылда ипотекалық несие беру 14%-ға өскен

Қазақстандықтар тұрғын үй  сатып алуға банктерден 1,49 трлн теңге алған,деп хабарлайды LS.

Егер жыл басында бұл көрсеткіш 1,31 трлн теңге болған болса, ал маусым айында 1,49 трлн теңгеге жеткен. Осылайша, жартыжыл ішінде берілген займдар 13,7% немесе 172,2 млрд теңге өскен. 

Ұлттық банк мәліметі бойынша, ұлттық валютада қысқамерзімді займдарға 1,9 млрд теңге, ал шетелдік валютада 161,5 млн теңге берілген. 

Сонымен қатар ұзақмерзімді несиеге ұлттық валютада 1,4 трлн теңге, шетелдік валютада 34,8 млрд теңге берілген. 

Тұрғын үй алуға ең көп несие алғандар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында, олар 398,6 млрд және 378,5 млрд теңге алған. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 18,4% және 10,9%-ға өскен. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы маусымда ипотекаға 85,9 млрд теңге алған. Ал Ақтөбе облысы болса 82,7 млрд теңге алған. 

Ең аз ипотека алушылар Алматы және Түркістан облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу