Жарық беруші мекеме тұрғындардан артық төлем алып келіпті

1506

Жамбыл облысындағы жарық беруші мекеме тұрғындардан артық төлем алып келген.

Жарық беруші мекеме тұрғындардан артық төлем алып келіпті

Жамбыл облысындағы жарық беруші мекеме жұрттың қалтасын қағып, 348 миллион теңгеден астам пайда тапқан, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстық прокуратураның араласуымен бүгінгі күнге дейін оның 120 миллион теңгесі халыққа қайтарылды.

Бұл туралы Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Бекмұратов:

– Жамбыл жарық сауда – 2030 ЖШС-нің іс әрекетінде заңбұзушылықтар анықталды. Жамбыл жарық сауда табиғи монополиялары туралы заңнама талаптарын бұза отырып, электр қуатын тасымалдау бойынша өтемақы алған. Ықпал ету актілерін қарау нәтижесімен электр қуатын тарифі киловатт үшін 16,72 теңгеден 16,17 теңгеге дейін төмендетілді, - деп атап өтті..
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу