Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды 22 наурыз кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты сөндіруге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрліктің хабарлауынша, бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
"22 наурыз күні бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады", – делінген министрлік хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу