"Жарылғыш зат қойылды": Алматы метросында елді дүрліктірген әйел ұсталды

657

Оқиға орнына келген мамандар станцияны толық тексеріп, ешқандай жарылғыш зат немесе күдікті бұйым таппады.

"Жарылғыш зат қойылды": Алматы метросында елді дүрліктірген әйел ұсталды Фото: tenginews.kz

Жолаушылардың зәресін алған әйел бірден ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осыдан кейін жолаушылар жаппай метродан шығып, сапарын жалғастыру үшін автобустарға мінуге мәжбүр болған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңертең "Райымбек батыр" станциясында бір әйел метро қызметкерлеріне жарылғыш құрылғы бар екенін айтқан.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұр.

Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қазіргі уақытта метрополитен қалыпты жұмыс тәртібіне көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу