"Жарылғыш зат қойылды": Жамбыл политехникалық колледжіне тағы да хабарлама келді

798

Белгісіз біреу екінші күн қатарынан колледж мазасын әбден қашырды. 

"Жарылғыш зат қойылды": Жамбыл политехникалық колледжіне тағы да хабарлама келді Фото: inbusiness.kz

22 қараша күні Жамбыл политехникалық колледжіне "жарылғыш заттың қойылғаны" жөнінде тағы да анонимді хат келді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады, деп жазады inbusiness.kz Жамбыл облысы полиция департаментiнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"2022 жылдың 22 қарашасында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Жамбыл политехникалық колледжінен Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы Telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі бойынша хабарлама келген. Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің жеке құрамы, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер, жалпы саны 1700-ге жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілді", - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, тексеру жұмыстарының нәтижесінде Домалақ ана көшесіндегі корпустан жарылғыш зат анықталмады. Оқу орнының екінші корпусы тексеріліп жатыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.

Айта кетейік, 21 қараша күні  Жамбыл политехникалық колледжі тексерілген болатын. Тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, жарылғыш зат анықталған жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу