Жарылыс туралы жалған хабарлама қалдырған ақтөбелік 6 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбелік 21 қыркүйекте "Ақтобе-Маңғышылақ" поезымен келген. Ол Бейнеуге қонаққа бара жатқан. 1990 жылы туған әйел өзінің танысына ол отырған басқа қаладағы ғимаратта жарылғыш зат қойылған деп хабарлаған. Сосын өзінің ұялы телефоны арқылы "102" нөмеріне жарылғыш зат туралы хабарлама жолдаған. Кезекші инспектор хабарламаны барлық құқық қорғау органдарына берген.
"Арнайы мамандар жарылыс туралы хабарлама жіберген адамның тұрған жерін бірден анықтады. Ол кезде әйел поезға отырмақшы болып отырған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады", - деді Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.