Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушы бас бостандығынан айырылды

376

10-сынып оқушысының 6 айға бас бостандығы шектелді.

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушы бас бостандығынан айырылды Фото: inbusiness.kz

Былтыр мамыр айында Ақтөбенің жоғары оқу орындары біраз дүрліккен еді. Барлық қызметті аяғынан тік тұрғызған кім екенін полицейлер бір жыл өткеннен кейін іздеп тапты. Ол Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 10-класта оқитын оқушы болып шықты.  Өз кінәсін мойындап түсініктеме берген. Сондай-ақ, ол  осындай электрондық хатты Көкшетау қаласына да жолдап, үш сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғары сынып оқушысының ісі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотында қаралып,  оған 6 айға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Естеріңізге салсақ, былтыр мамыр айында полиция департаментінің электронды поштасына хат келген. Онда   бірнеше жоғары оқу орнының ғимараттарына жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы жазылған. Дереу  шұғыл қызметтер, саперлер мен  кинологтар барып тексеріп, ештеңе таппаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу