Жарылу қаупі бар аневризма: Астанада жүкті әйелге күрделі ота жасалды

210

Кез келген сәтте жарылуы мүмкін "бомба" залалсыздандырылды. 

Жарылу қаупі бар аневризма: Астанада жүкті әйелге күрделі ота жасалды Фото: gov.kz

Астанада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жүкті әйелді жарылу қаупі бар аневризмадан құтқарды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл реттегі жағдайдың күрделілігі, жүктіліктің 20-аптасында нейрохирургиялық ота жасау бойынша шұғыл түрде шешім қабылдау қажет болды. Қуаныштысы, ота сәтті өтті, кез келген сәтте жарылуы мүмкін "бомба" залалсыздандырылды. Нейрохирургтар жүргізілген жұмыстың нәтижесі ойдағыдай екенін айтты", - деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана филиалы.

24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын осы жылдың ақпан айынан бас ауруы мазалай бастаған. Бір айдан кейін тіпті көру қабілеті нашарлап, оң қабағының төмен түскенін байқайды. Сөйтіп, ол медициналық көмек алу үшін офтальмолог пен неврологқа жүгінген.

Бас ауруы күшейе бастаған соң мидың МРТ өту ұсынылды. МРТ-да мидың оң жағындағы артқы артериясының үлкен аневризмасы анықталды, көлемі ұлғайғандықтан жанындағы жүйке құрылымдарын қысып, кез келген уақытта жарылып кету қаупін тудырды. Бұл реттегі жағдайдың күрделілігі, жүктіліктің 20-аптасында нейрохирургиялық ота жасау бойынша шұғыл түрде шешім қабылдау қажет болды.

Алматы және Астана қалалары нейрохирургтарының бірлескен талқылауынан кейін санитариялық авиация желісі бойынша пациент одан әрі жедел емдеу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізілді.

Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызған кезде науқасты Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының анестезиологтары мен акушер-гинекологтары да тексеруге дайын болды. Хирургиялық араласу мен аталған аурудың қауіптілігіне қарамастан ота жасау және жүктілікті сақтап қалу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, ота сәтті өтті, кез келген сәтте жарылуы мүмкін "бомба" залалсыздандырылды. Нейрохирургтар жүргізілген жұмыстың нәтижесі ойдағыдай екендігін айтуда. Науқасты емдеуге анестезиолог-реаниматологтар мен акушер-гинекологтар да белсенді қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу