Манчестер стадионында болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер қатарында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы Істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы
"Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Қазақстан азаматтарына сақ болу жөнінде ескертулер таратылған. Елшіліктің консулдық бөлімінің жедел желісі іске қосулы: Манчестердегі жақындарыңыз, туыстарыңыз немесе достарыңызбен байланысып, олардың есен-сау екендігіне көз жеткізулеріңізді сұраймыз"
Айта кетейік, Әнуар Жайнақовтың мәлімдеуінше, жарылыс болған алаңда қазақстандық алты студент болған.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы
"Біздің дипломаттарымыз солардың екеуімен байланыс жасап, аман-сау екендігіне көз жеткізді. Оларға ешқандай медициналық көмек қажет емес және достарымен бірге тұратын жерлеріне аман-есен жеткен"