Жарылыста қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні жарияланды

954

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан қаза тапқан 4 әскери қызметкердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жарылыста қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні жарияланды

Өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапған. 

"Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды. Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 4 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу