Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар жоқ – БҒМ

815

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ, деп хабарлайды инбизнес кз ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар жоқ – БҒМ

Хабарламаға сүйенсек, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жақын маңдағы елді-мекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы эвакуацияланған.

"ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша түнде оқиға орнына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. Иманғалиев барды. Сондай-ақ оқиға орнында ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері де жұмыс істеп жатыр. Эвакуацияланған балаларға қажетті жағдайлар жасалды, олар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ұйықтайтын орындар карантин талаптарын ескере отырып жабдықталды",- деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, эвакуацияланған балаларға қолдау көрсету үшін ҚР БҒМ ата-аналарға балаларын "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынады.

Айта кетейік, балаларға жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі шұғыл түрде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желілердің жұмысын ұйымдастырды: "Bala gorqau"телеграмм-чат, 87025642168, 87012100238, 87172742528.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу