Жарылыстың салдарын толық жою үшін 2-3 күн керек – министр

735

Жамбыл облысындағы жарылыстың салдарын жою үшін 2-3 күн керек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жарылыстың салдарын толық жою үшін 2-3 күн керек – министр

"Облыс әкімдігінің жұмыс тобы және Қорғаныс министрлігі берген ақпаратқа сәйкес, менің ойымша, жарылыстың салдарын толық жою үшін 2-3 күн керек", - деді министр журналистерге.

Оның айтуынша, бүгінде бықсып жатқан 2 қойма бар.

"Қорғаныс министрлігі мен өрт сөндіру қызметінің саперлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жарылмаған оқ-дәрілер бар", - деді Юрий Ильин. 

Сондай-ақ, жарылыстан келген шығын есептеліп жатыр.

Юрий Ильин жүк пойыздарының қозғалысы шектелмегенін, ал жолаушылар тасымалына қатысты шешім бүгін шығарылатынын жеткізді.

"Бірақ бұл нақты ақпарат емес.Себебі үйінділерді алу үшін көп уақыт керек. Сіздер оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде саперлерге қауіп төнбеу керегін түсінетін шығарсыздар", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу