Қарағанды облысының әкімі хакатон жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті

866

 Жарымжан жанға күтуші іздеуге болатын қосымша жасап шығарған жастарға 500 мың теңге берілді

Қарағанды облысының әкімі хакатон жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті

Әлемге танымал ІТ-мамандар Қарағандыны "Террикон алқабы" деп атауды ұсынды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Төрт күн аралығында Қарағандыда "IT-WEEKEND.KZ – 2018" халықаралық форумы өтті. Шараға барлық аймақтардан және басқа елдерден жоғары технология мамандары жиналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қарағанды ІТ-форумды өткізетін жер ретінде бекерден таңдалған жоқ. Қалада ЖОО және мамандандырылған колледж негізіндегі мықты математикалық мектеп бар. Қарағандылық бағдарламалаушылар Google секілді әлемнің алдыңғы қатарлы ІТ-компанияларында қызмет етеді. Бұған қоса, облыста цифрлық "ерекшеліктер" енгізіліп жатқан сәтті үлгілер бар. 

"Мұнда, Қарағандыда математикалық ой өрісі дамыған, осы салада өзіңмен тең адамдармен сөйлесе аласың. Осында қазір жастар, тәжірибелі мамандар, табысты кәсіби қызметкерлер, ғылым мен билік өкілдері өзара байланыс орнатып, драйв құрып, жаңашылдықтар ойлап тауып, өздерін де, өңірді де, жалпы елді дамытуға талпынатын бірегей алаң құрылып жатыр", - деді сессияда депутат Павел Казанцев. 

Өз кезегінде, форумға қатысушылар қарағандылық ІТ хабты "Террикон алқабы" деп атауды ұсынды. 
Сессия соңында өңір әкімі Ерлан Қошанов форум шеңберінде өткен хакатон жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті. Жеңімпаздар 500 000 теңгеден иеленді, ҚММУ студенттері жеңімпаз атанды. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдарға немесе төсек тартып қалған науқасқа көмекші немесе ауру күтуші тауып алуға болатын мобильді қосымша жасап шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу