Жарыстан жеңіспен оралған жас домбырашылар пойызда күй орындады

383

Домбырашылар "Ер Тұран" мен "Балбырауын" сияқты әйгілі ұлттық күйлерді орындап, өз шеберліктерін паш етті. 

Жарыстан жеңіспен оралған жас домбырашылар пойызда күй орындады Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

"Аналарға Көмек" қоғамдық қоры "Жалын тобының" жас өнерпаздары Ұлттық тасымалдаушының №10 "Астана-Алматы" пойызында күй тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астанада өткен жарыста бас жүлдені иеленіп, шабытқа толы күй орындаған домбырашыларға жолаушылар қошамет көрсетіп, ықыласпен тыңдады.

Жолаушылардың пікірінше, өскелең ұрпақтың өнерінен патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке деген құрметі анық көрінеді.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі дайындық жасап, өз өнерлерін көрсетіп, барлық жолаушыларды ерекше өнермен қуантады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу