Жас әйелдер басқаратын компаниялар саны бір жылда 5%-ға артты

492

29 жасқа дейінгі жастар иеленетін кәсіпорындардың меншік иелері арасындағы әйелдер үлесі 25 пайызды ғана құрайды. 

Жас әйелдер басқаратын компаниялар саны бір жылда 5%-ға артты Фото: google

Жыл басында елімізде 10,3 мың кәсіпорын тіркелді. Меншік иелері 29 жасқа дейінгі әйелдер болатын кәсіпорындар саны былтырғыға қарағанда 1,3%-ға артты. Десек те, бұл республикада 29 жасқа дейінгі жастардың меншігіндегі барлық кәсіпорындардың төрттен бір бөлігі ғана, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сектордағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны бір жылда 4,9%-ға, 8,9 мыңға дейін артты (бұл жас кәсіпкерлердің меншігіндегі барлық кәсіпорындардың 25,5%-ы). Олардың барлық тіркелген осындай кәсіпорындардың жалпы санындағы үлесі – 86,5%.

Қалаларда меншік иелері жас әйелдер болатын кәсіпорындардың саны бір жылда 4,8%-ға, 8 мыңға дейін артты. Ауылда мұндай кәсіпорындар саны 5,8%-ға, 912-ге дейін өсті.

Өңірлік бөліністе жас кәсіпкер әйелдердің меншігіндегі кәсіпорындардың басым бөлігі Алматыда шоғырланған: 2,6 мың компания. Үштіктер қатарына

Астана (2,1 мың) және Шымкент (683) кіреді. Көшбасшы өңірлердің бестігінде Қарағанды және Алматы облыстары да бар.

Жас әйелдер басқаратын компаниялардың ең аз саны Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу