Чехия парламентінің депутаттары сәбидің өмірге келуіне байланысты әкелерге бір апталық демалыс беру туралы заңнамаға түзету енгізді, деп хабарлады sputniknews.kz.
"Бала дүниеге келгеннен соң жарты жыл ішінде жас әкелер бір апталық демалыс ала алады және жалақыларының 70%-ы сақталатын болады. Заңға енгізілген түзетудің мақсаты – әкелерді бала күтіміне атсалысуға ынталандыру", -делінген хабарламада. Заң жобасы жоғары палатада талқыланып, содан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу