Жас ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

1355

Жас ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

Алматыда "Менің пірім - Сүйінбай" атты жас ақындардың республикалық айтысы өтті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған сөз додасына 54 ақын қатысты, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Елдің 28 жоғарғы оқу орнынан жиналған ақындар қоғамдағы түрлі мәселелерді ортаға салды. Қағытпа қалжыңдар мен орамды ойлар айтылды. 
Шара соңында жеңімпаз атанған айтыскер 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық алды. Ал, қалған қатысушыларға да 200 мың мен 50 мыңның арасында арнайы жүлделер берілді.  
"Айтыс өте тартымды, қызықты болып өтіп жатыр. Бұл айтыста қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерманов. Екі жылда бір рет өткізіп отырамыз. Осының алдында бір рет өткізгенбіз", - дейді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Жанатбек Ішпекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу