Жас балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін

887

Бұл туралы басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті. 

Жас балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін

Алматыдағы эпидахуалға қатысты брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева балалардың ковидпен сырқаттану жағдайы көп тіркелсе, оларға да екпе салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Егер мұндай қажеттілік болса және осы санаттағы, яғни, жас балалар арасында сырқаттану  жағдайлардың саны көп болса, онда белгілі бір клиникалық сынақтардан кейін мұндай шара бізде де қолданылады", – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Алматыда екпе алған балалар арасында өлім жағдайы тіркелмегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу