Жас домбырашылар xалықаралық фестивальде бас жүлде алды

735

Жас домбырашылар xалықаралық фестивальде бас жүлде алды

Қазақтың қасиетті домбырасын арқалап, халықаралық музыка байқауларында өнер көрсетіп жүрген "Бастау" тобы кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы топтың продюсері Алпамыс Шәрімов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шәрімовтың айтуынша, "Бастау" тобы Израилдың астанасы Иерусалим қаласында өткен International Festival-Contest "Music of World" - "Әлем музыкасы" xалықаралық фестивальде өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған. Аталған фестивальге дүниежүзінен 80-нен астам музыканттар қатысып, бақтарын сынаған. Олардың өнеріне xалықаралық деңгейдегі қазылар төрелік еткен.

"Мен "Бастау" тобының өнерін осымен екінші рет тамашалап отырмын. Бұл жолы Иерусалимде көрдім. Кез келген ұлттық өнер жалпы әлем мәдениетінің өркендеуіне өзінің үлесін қосады. Оның шекарасы мен шегі жоқ. Осы ретте, қазақ домбырашылары ұлттық өнерін әлемге әдемі қылып көрсетіп жүр", - дейді атақты музыкант Михаил Казиник.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу