Білім сайысына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан аса елден шамамен 240 оқушы қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынап, сондай-ақ өңірдің үздік жас физиктерімен ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан командасының құрамасы:
Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы NIS "Астана-Нұра" мектебінің 12-сынып оқушысы;
Роман Черемнов — Алматы қаласындағы "Мирас" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадір — Қостанай облысындағы "Білім-Инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман — Астана қаласындағы NIS "Астана-Нұра" мектебінің 11-сынып оқушысы;
Мерген Сабыров — Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Арғын Сейткамит — Астана қаласындағы NIS "Астана-Нұра" мектебінің 11-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Қасымхан Байсейітов — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Дәулет Құрмантаев — физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді. Сонымен қатар Нұргүл Егенбергенова қыздар арасындағы үздік қатысушы ретінде "Best Female" арнайы сыйлығымен марапатталған.