Жас ғалымдар ғылыми дәреже мен атақ алуға қатысты ұсыныс жасайды

1128

Осыдан 5 ай бұрын құрылған "Жас ғалымдар" кеңесінің төрағасы Еламан Айболдинов кеңес мүшелері қандай іспен айналысып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жас ғалымдар ғылыми дәреже мен атақ алуға қатысты ұсыныс жасайды

"Жас ғалымдар" кеңесінің құрамындағы 24 жас ғалым ғылымның түрлі салаларының өкілдері екенін айтқан кеңес төрағасы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істейтіндерін мәлімдеді. 

"Жас ғалымдар кеңесі білім және ғылым министрлігінің қос комитетімен қоян-қолтық жұмыс атқарып жатыр. Кеңес ғылым комитетінде болып жатқан өзгерістер, заңнамалық өзгерістер, конкурсқа дайындалу, конкурстық құжаттамаларды жасау, әзірлеу сияқты жұмыстармен айналысады. Мемлекет басшысының жолдауындағы грант мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту туралы шешімді жас ғалымдар үлкен құлшыныспен қабылдады", – деді Еламан Айболдинов. 

Оның айтуынша, "Жас ғалымдар" кеңесі білім саласын бақылау комитетімен де тығыз байланыста. 

"Диссертациялық кеңестер, ғылыми дәреже мен ғылыми атақ алу бойынша жас ғалымдар өз ұсыныс жасайды", – деді кеңес төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу