Жас ғалымдар жерді дәл өңдеу полигонына барды

1358

Қазақстанның астық шаруашылығы ғылымға дендеп барады. 

Жас ғалымдар жерді дәл өңдеу полигонына барды

Бүгін А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында "Солтүстік Қазақстанда жерді дәл өңдеудің перспективалары мен проблемалары" атты жерді дәл өңдеу жөнінде семинар болып өтті.

Семинарға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

АШҒӨО бас директорының орынбасары Б.Ирмулатов жас ғалымдарға  ҚР АШМ БМҚ шеңберінде жерді дәл өңдеу бойынша ҒЗЖ мақсат-міндеттері, сондай-ақ олардың нәтижелері туралы айтып берді.

Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі В.Якушев (Агрофизикалық ғылыми-зерттеу институты, Санкт-Петербург қ.) агротехникалық көрсеткіштер бойынша алқаптардың карта-сұлбаларын жасаудың теориялық және практикалық аспектілерімен таныстырды. Ал "Агроинженерия ҒӨО" ЖШС-ның Қостанай филиалының механикаландырылған технологиялары зертханасының меңгерушісі С.И.Бобков практикалық тәжірибемен бөлісіп, "Тиімді кешендік машиналардың негіздемелері және олардың элементтерін Ақмола облысы шаруашылықтары үшін бейімдей отырып, жерді дәл өңдеу жүйесінде дақылдарды өсіруді кешенді механикаландыруға арналған қондырғылар" тақырыбына баяндама жасады.

Семинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар жерді дәл өңдеу полигонына барып, онда ауыл шаруашылығы техникаларының жұмысымен және өнімділік карталарын пайдаланудың тәжірибесімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу