Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жыл сайын 3 миллиард теңгеге артады

1849

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке осындай тапсырма берді.

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жыл сайын 3 миллиард теңгеге артады

Президент үкіметке еліміздің жас ғалымдары жүргізіп жатқан іргелі және қолданбалы зерттеулеріне гранттық қаржыландыруды арттыруға  тапсырма берді, деп хабарлайды abctv.kz.  

"Үкіметке жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулеріне арналған гранттық қаржыландыруды жыл сайын 3 млрд теңгеге арттыруға тапсырма беремін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Жастар жылын салтанатты ашу барысында.

"Жас ғалымдардың идеяларын нақты жобаларға айналдыруға көмектесу керек. Мұны жеке бақылауыма аламын және үкіметке осы мәселелерді арнайы қарауға ұсыныс беріп отырмын", – деді елбасы жиында.

Бүгін елордадағы "Нұр әлем" павильонында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы жыл елбасы Жарлығымен Жастар жылы деп жарияланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу