Жас ғалымдарға арналған ипотеканың шарттары қандай?

Несиені 40 жасқа дейінгі магистр дәрежесіндегі атағы бар қазақстандықтар ала алады.

Жас ғалымдарға арналған ипотеканың шарттары қандай? Фото: inbusiness.kz

Елімізде жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жоба басталды. Оның талаптары талқыланып, өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай айтты. 

"Тараптар арасында жасалған келісімге сәйкес түрғын үйге арналған жеңілдетілген несиені 40 жасқа дейінгі магистр дәрежесіндегі атағы бар қазақстандықтар ала алады. Сондай-ақ үміткерлер соңғы 3 жыл ішінде ғылыми институттарда ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерге не болмаса басқа да коммерцияландыруға жататын жобаларға қатысуы міндетті", – деді спикер. 

Бағдарлама аясында кезекке тұрудың қажеті жоқ. Тізімдегі университтер мен институттардың басшылары ғылыммен айналысып жүрген жастарды іріктеп, оларға жолдама береді. Сол құжатты Отбасы банкіне алып келеді. 

"Жас ғалым банкке келіп, өзінің төлем қабілеттілігін растағайды. Ал 3 айдан кейін алғашқы немесе қайталама нарықтан үйді өздері іздеп, өздері табады. Басты шарт - сол жас ғалымның өзінің атында не болмаса отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек. Яғни бұл тек қана алғашқы үй сатып алуға берілетін көмек деп білуге болады", – деп түсіндірді Жансұлтан Матай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу