Жас инспекторлардың біліктілігі қадағалау қызметінің сапасына әсер етеді

806

Елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселеcімен айналысатын ғылыми-техникалық орталық жоқ. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты ғылыми-зерттеу жүргізілмейді.  

Жас инспекторлардың біліктілігі қадағалау қызметінің сапасына әсер етеді

Сенатта өткен үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Инспекторлар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді дербес жүзеге асырады. Бұған дейін бұл жұмыспен 2017 жылы жойылған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ведомстволық бағынысты ғылыми-техникалық орталығы айналысқан", – деді Юрий Ильин.

Министрдің мәлімдеуінше, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инспекторлық құрамның біліктілігін арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр.

"Жас инспекторлардың біліктілігін арттыру үшін білім беру базасының болмауы қадағалау қызметін жүзеге асыру сапасына және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне әсер етеді", – деді Юрий Ильин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу