Жас кәсіпкердің жылыжайында өсірілген қиярға сұраныс артты

857

"Zhas Project" жобасы бизнеске ұласты.

Жас кәсіпкердің жылыжайында өсірілген қиярға сұраныс артты

Жаңақорғандық Әлішер Әбдішевтің "Zhas Project" жобасымен грант жеңіп алып, жылыжайда өсірген қияры бір айға жетер-жетпестен  таусылды.

Әлішер Әбдішев Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран-Астана" университетінің Мемлекеттік басқару факультетін үздік бітірді. Ата-анасының ұйғарымымен Жаңақорғанға келіп, "Zhas Project" жобасына қатысты. Алдымен жүйелі жоспар құрып, жылыжай кешенін жасақтады. Сосын, Түркістаннан "Игл-ЭФ-1" сұрыпты қияр әкеліп, отырғызды. Жылыжайдың ішін қалыпты температурада ұстап, өнімді мол алды.

"Биыл алғашқы өнімді алдық. Бағаны Түркістанмен тең етіп, 90 теңгеден қойған бойда Жаңақорғанда қиярды 150 теңгеден сатып алып жатқандар бізге лап қойды. Той-томалақ пен өлім-жітімге байланысты тапсырыс көп түседі екен. Жыл бойы жұмыс жасау үшін үйдің қасынан үш сотық жер бөліп, сыртын пленкамен қоршап, ішіне газ кіргізіп жатырмын. Жастарға  қолдау көрсетсе, кәсіпкерлердің жаңа буыны қалыптасары анық",– дейді Әлішер Әбдішев.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу