Жас кәсіпкерлер саны бір жыл ішінде 5%-ға өсті

506

Жалпы жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер бұдан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2%-ға аз.

Жас кәсіпкерлер саны бір жыл ішінде 5%-ға өсті

Биылғы жылы тіркелген жеке кәсіпкерлік (ЖК) субъектілерінің саны 2,7%-ға қысқарып, қазан айының соңында 1,2 миллионнан сәл асты. Ал өткен жылдың осы кезеңінде жеке кәсіпкерлер саны 3,6%-ға өскен болатын. finprom.kz мәліметінше, барлық жеке кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы Алматы қаласы (159,7 мың), Түркістан (136,2 мың) және Алматы (125,3 мың) облысында тіркелген. Елдегі 17 аймақтың 13-інде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу азайған. Әсіресе Шығыс Қазақстан (-10%), Қостанай (-9,6%) және Ақмола (-8,7%) облыстарында бұл жағдай айырықша байқалды.

Бір жыл ішінде тіркелген белсенді жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 87,2%-дан 88,1%-ға дейін өскен. Қазан айының соңында шамамен 1,1 млн жеке кәсіпкер қызмет еткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға аз. Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің шамамен үштен бірі, яғни 348,1 мыңы көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу сегментінде жұмыс істейді. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің едәуір бөлігі (244,6 мың) ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысады. Елдегі барлық жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлерінің жартысынан көбі осы салада қызмет етеді. 

Жеке кәсіпкерлер санының төмендеуіне қарамастан, 29 жасқа дейінгі жас белсенді жеке кәсіпкерлер саны өсуде. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 5,2%-ға өсіп, қыркүйек айының аяғында елде 132,7 мың жеке кәсіпкер бар екені белгілі болды. Өткен жылы жас жеке кәсіпкерлер саны 16,9%-ға өскен болатын.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу