Жас кәсіпкерлер үшін "Business English" курсы ашылды

1155

Жас кәсіпкерлер үшін "Business English" курсы ашылды

Өскеменде жастарға кәсіпкерлікпен қатар ағылшын тілі де үйретіліп жатыр.

"Business English" курсын жергілікті тіл орталығы мен АҚШ елшілігі бірлесіп ұйымдастырған. Ең бастысы дәрістер тегін. Жоба өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан да қолдау тапқан. Мамандар шет тілін іскерлік деңгейде меңгергісі келетін жас кәсіпкерлер тобын жасақтауға жәрдемдесіпті.

Дегенмен, 3 айлық тегін курсқа жазылудың бірқатар шарттары да бар. Мәселен, қатысушы ағылшын тілінің негіздерін білуі тиіс, әрі арнайы тесттен белгілі бір межеде балл жинауы қажет. Ал дәрістің өту талаптарына келсек, мұнда бизнес тақырыбы бойынша сөздер жаттатылып, ресми хат жазудың қыр-сыры меңгеріледі. Жоба авторлары сырт елдегі іскерлермен де байланыс орнатуға мүмкіндік берілетінін айтады.

Гүлмира Назарова, кәсіпкер:

"Ағылшын тілі өте қажет бизнесте. Өйткені біз қазақша немесе орысша ғана тіл табыспаймыз. Ағылшынтілін білу өте үлкен плюс деп айтуға болады. Осы жоба арқасында бизнесім арықарай жақсы жүзеге асып жатыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу