Коморо қаласының (Нагано префектурасы) зообағындағы бақылаушыға арыстан бас салды. Құтқарушы қызметтің хабарлауынша, оқиға салдарынан 22 жастағы қыз айтарлықтай зардап шеккен, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.
Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, көп қан жоғалтқандықтан, халі өте ауыр. Оқиға жыртқыш қамалған тор ішін тазалау кезінде болған. Бұл уақытта арыстан басқа орынға ауыстырылуы тиіс еді, алайда бұл тәртіп сақталмаған.
Басшылық зообақ жұмысын уақытша тоқтатуды ұйғарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу