Жас медицина қызметкерлеріне 1 млн теңгеден жәрдемақы берілді

1194

Ауылдық елдімекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс жасауға барған жас мамандарды қолдау үшін бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. 

 Жас медицина қызметкерлеріне 1 млн теңгеден жәрдемақы берілді

Атырау облысында ауылдық округтерде жұмыс істеуге кеткен жас медицина қызметкерлеріне 1 млн теңгеден жәрдемақы берілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Ауылдық елдімекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс жасауға барған жас мамандарды қолдау үшін бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. Айта кету керек, жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бойынша 30 медицина қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек", – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева 

Айта кетейік, биыл 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында осы сала қызметкерлерінің жалақысы өскен болатын. Атап айтсақ, медицина қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, ал қалғандарынікі 11%-ға өсті. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд 729 млн теңге қаражат бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу