Жас меншік иелері бар компаниялардың саны елдің қай аумағында көп?

445

2022 жылдың 1 қазанында елімізде 29 жасқа дейінгі жастар 100% иеленетін кәсіпорындар саны 34,2 мыңды құрады. Бір жыл ішінде көрсеткіш айтарлықтай өзгере қоймады (+0,5%).

Жас меншік иелері бар компаниялардың саны елдің қай аумағында көп? Фото: moibiz93.ru

Республика бойынша меншік иелері 29 жасқа дейінгі азаматтар болып есептелетін кәсіпорындардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді  (9,2 мың), деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Үштіктер қатарында Астана (7,8 мың) және Шымкент (2,8 мың) қалалары бар.

Жас кәсіпкерлерге тиесілі компаниялардың ең аз саны жаңадан құрылған облыстарда – Ұлытау (169), Абай (375) және Жетісуда (410) байқалды.

Finprom.kz ақпаратына сәйкес, заңды тұлғалардың негізгі бөлігі көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында жұмыс істеді (12,2 мың кәсіпорын).  Бұдан бөлек құрылыс (5,5 мың компания), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (2 мың компания) салалары бар.

Ал, мемлекеттік басқару және қорғаныс, жылу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және қалдықтарды жою секілді салалардағы компаниялардың үлесі аз көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу